Жұмысшы мамандығы жылы аясында
Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінде
«Бір күн шебермен» атты тағылымды шара өтті.
Кәсіптік бағдар мен тәжірибелік бағытты күшейтуді мақсат еткен кездесуге
@man.energo «МаңғыстауЭнерго» ЖШС мекемесінен:
Планов Нұрбол Қолбаевич – ПТО бөлімінің басшысы
Суевбаева Журсинай Аманғалиқызы – кадрлар бөлімінің жетекшісі
қонақ ретінде шақырылды.
Энергетика саласының білікті мамандары студенттерге өндірістегі нақты жұмыс барысы, еңбекке орналасу талаптары, кәсіби дағдылар мен мансап жолындағы мүмкіндіктер туралы жан-жақты мағлұмат беріп, тәжірибелерімен бөлісті.
Студенттер көкейдегі сұрақтарын қойып, нақты жауап алып, еңбек нарығына дайындықты бүгіннен бастаудың маңыздылығын терең сезінді.
Мұндай шаралар – колледж бен өндіріс арасындағы тиімді желілік ынтымақтастықтың нақты көрінісі.
Қонақтарымызға құнды кеңестері үшін алғыс білдіреміз!

Маңғыстау обласы, Ақтау қаласы,
3Б микрорайон, 17 4 қабат
8 (7292) 50 22 00
post.mek@mail.ru
© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz