«Жас қыран – 2025»

Жастар арасындағы әр саланың үздік мамандарын анықтауға бағытталған «Жас қыран – 2025» қалалық жастар сыйлығы Ақтау қалалық қоғамдық даму қорының ұйымдастыруымен биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Биылғы таңдауда «Үздік IT маман» номинациясының иегері болып арнайы пән оқытушысы – Мектепова Жұлдызай Жоламанқызы марапатталды.

Мектепова Жұлдызай Жоламанқызы – 2025 жылғы WorldSkills кәсіби шеберлік чемпионатының халықаралық дәрежедегі сарапшысы, “BilimQol” мобильді қосымшасы мен “Қарттар цифрлық әлемде: қауіпсіз әрі белсенді өмір сүру” әлеуметтік жобасының авторы. Ол жастардың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған бастамаларды жүзеге асырып, заманауи технологияларды меңгеруде үлгі бола білген ізденімпаз маман. 

Галерея


© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz