«Қауіпсіз орта саналы таңдаудан басталады»

2026 жылғы 27 қаңтардағы №40 Маңғыстау облысының білім басқармасы хатына және 2026 жылғы 26 қаңтардағы №29 Мәдениет министрлігі мен Жастар және отбасы істері комитетінің, сондай-ақ «Облыстық техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының» жастар арасындағы буллингтің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу туралы хатына сәйкес,

2026 жылғы 05 ақпанда Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінде «Зорлық-зомбылықтан қорғану: қорғану тәсілдерін білу және көмекке жүгіну ережелері» тақырыбында профилактикалық іс-шара және оқыту тренингі өткізілді.

Іс-шараны колледждің оқу-тәрбие бөлімі мен әлеуметтік-психологиялық қызметі ұйымдастырып, өткізді.

Тренингке ПО-1/25 және ТОРА-1/25 топтарының студенттері, колледж оқытушылары және қонақ ретінде Маңғыстау облыстық Аналар кеңесінің мүшесі Маденова Раиса Ивановна қатысты.

«Қауіпсіз орта саналы таңдаудан басталады». Аналар кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері Маденова Раиса Ивановна қазіргі қоғамда жастардың қауіпсіздігі мен құқықтық сауаттылығы ең маңызды мәселелердің бірі екенін атап өтті. Осы бағытта студенттермен мазмұнды әрі пайдалы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ білім алушыларды зорлық-зомбылықтың әртүрлі түрлерінен қорғану тәсілдерімен және күрделі өмірлік жағдайларда көмекке жүгіну алгоритмдерімен таныстыру болды.

Іс-шара барысында қатысушыларға зорлық-зомбылықтың түрлері (физикалық, психологиялық, эмоционалдық, экономикалық), оның пайда болу себептері мен ықтимал салдары туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ зорлық-зомбылық белгілерін дер кезінде тану және уақтылы қолдау сұраудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. 

Галерея


© 2026| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz