«Күзгі шақыру науқаны» бойынша ерлік сабағы өткізілді.

2025 жылғы 18 қыркүйекте колледждің 3 курс топтарымен ҚР Президентінің Ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар басқармасының 2025 жылғы 14 шілдедегі №25-3365қбп тапсырмасына орай «Күзгі шақыру науқаны» бойынша ерлік сабағы өткізілді.

Ерлік сабағына Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметі департаментінің аға офицері подполковник Б.Т. Батырбеков білім алушылармен ҚР ҰҚК шекара қызметінде жедел әскери және келісімшарт бойынша әскери қызмет пен әскери қызметтің беделі мен мәртебесі, Қазақстан Республикасы ҰҚК оқу ұйымдарына, Ресей және Турция мемлекеттерінің жоғарғы әскери оқу орындарында оқуға құжат тапсыру тәртібі туралы түсіндірмелер жүргізіп, білім алушылардың сұрақтарына жауап берді.

Сұхбат барысында колледж студентері ҚР ҰҚК Шекара қызметінің теңіз әскерлерінде қызмет етуге қызығушылық танытты. 

Галерея


© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz