«Мемлекеттік қызметке орналасу және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу»

14.11.2025 жылы Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінде жоғары курс студенттеріне «Мемлекеттік қызметке орналасу және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбы бойынша кездесу өтті.

Іс-шара барысында колледж басшысы А.К. Жұмағали алғы сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысы Жұмағұлов Тоқтамыс Қадошұлына сөз кезегін берді.

Шараның мақсаты: жастар арасында мемлекеттік қызметтің мәні мен рөлін түсіндіру, мемлекеттік қызметке орналасудың ашық әрі әділ қағидаттарын түсіндіру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша ақпараттандыру және адалдық құндылықтарын насихаттау.

Кездесу барысында студенттер белсенділік танытып, түрлі сұрақтар қойылды. Мемлекеттік қызметке қабылдау тәртібі, талаптары және мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәдениетін қалыптастыру туралы сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

 

Галерея


© 2026| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz