Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай ұйымдастырылған онкүндік іс-шаралар жоспары аясында Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінде педагог-психологтар студенттердің психикалық денсаулығын нығайту, эмоционалдық тұрақтылығын арттыру, күйзеліске төзімділігін қалыптастыру және жағымды психологиялық ахуал орнату мақсатында «Бақытты болудың қарапайым жолдары», «Стресті қалай жеңуге болады?», «Менің көңіл-күйім – менің қолымда», «Эмоциялар әлемі» тақырыптарында психологиялық тренингтер мен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Іс-шаралар барысында студенттерге психикалық денсаулықтың маңыздылығы, эмоцияларды тану және басқару, стресстің алдын алу, қиын жағдайларда өзін-өзі қолдау, өмірге позитивті көзқарас қалыптастыру және өзіне деген сенімділікті арттыру жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар студенттердің өзін-өзі тануына, өз сезімдерін дұрыс жеткізуіне, эмоционалдық тепе-теңдікті сақтауға және айналасындағы адамдармен жағымды қарым-қатынас орнатуына ерекше көңіл бөлінді. Психологиялық жаттығулар мен топтық талқылаулар арқылы студенттер өз ойларымен бөлісіп, көңіл-күйді жақсарту, күйзелісті жеңу және күнделікті өмірде жағымды эмоцияларды қалыптастыру тәсілдерімен танысты.
Өткізілген психологиялық іс-шаралар студенттердің психологиялық сауаттылығын арттыруға, эмоционалдық әл-ауқатын нығайтуға, өзара түсіністік пен қолдау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Сондай-ақ студенттерге психикалық денсаулықты сақтау, өз эмоцияларын түсіну және өмірлік қиындықтарды тиімді еңсеру дағдыларын дамытудың маңыздылығы түсіндірілді.

Маңғыстау обласы, Ақтау қаласы,
3Б микрорайон, 17 4 қабат
8 (7292) 50 22 00
post.mek@mail.ru
© 2026| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz