Бүгін №56 «Жұлдыз», №11 «Қаусар» @kausar_yaslisad11 , №58 «Балауса» @balausa_det_sad МКК балабақшаларының және ЖШС Айкөркем @sadik_aykorkem , Junior Kids тәрбиешілері мен BabySkills чемпионатының қатысушылары – МАД тобының бүлдіршіндері
Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің «Шеберлік алаңы» шеберханасына тағылымды саяхат жасап қайтты.
Саяхат барысында балаларға түрлі шеберлік сыныптары көрсетіліп,
Психологиялық ойындар ұйымдастырылды,
Ұшқышсыз ұшу аппаратын (дрон) ұшырып көру мүмкіндігі ұсынылды,
Құрал-саймандармен танысып, жұмысшы мамандықтарының қыр-сырына қанықты.
Саяхаттың ерекше сәті — ЖИ (AI) технологиясының көмегімен әр бүлдіршіннің болашақтағы мамандығы анықталып, жеке суреттері басып шығарылды.
Шара соңында кішкентай қонақтарға сыйлықтар тарту етілді.
Бұл саяхат — балаларды еңбекке баулудың, шығармашылық ойлауын дамытудың және кәсіби бағыт-бағдар берудің тамаша қадамы болды!

Маңғыстау обласы, Ақтау қаласы,
3Б микрорайон, 17 4 қабат
8 (7292) 50 22 00
post.mek@mail.ru
© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz