«Тәлімгер тәжірибесі-жас маманға үлгі» апталығы

12.06 күні «Тәлімгер тәжірибесі-жас маманға үлгі» апталығының аясында арнайы пән оқытушысы Ж.Ж.Мектепова жас мамандар мен оқытушыларға «Голограммалық код» тақырыбында заманауи технологияларды үйрететін шеберлік сыныбын өткізді. Шеберлік сынып барысында оқытушылар заманауи цифрлық технологиялармен танысып қана қоймай, практика жүзінде қолданып та көрді. Студенттердің сабаққа қызығушылын арттыруда септігін тигізетін голограммалық кодты https://talkingco.de/ сайтында жасады. Жасыл фонда түсірілген видеоны INSHOT бағдарламасы арқылы қолданды. Оқу үрдісінде заманауи технологияларды қолдану білім алушының қызығушылығын арттыра түсетіні сөзсіз.  

Галерея


© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz