11.02.2026ж. Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің оқу-әдістемелік жұмыстарының жоспарына сәйкес, «Жас мамандар мектебінің» жұмыс жоспарының аясында «Үздік жас маман» тақырыбында жас мамандар сайысы өтті.
Жас мамандар сайысының мақсаты: жас маманның кәсіби бейімделуіне қолдау көрсету, тәжірибе алмасу, мотивациясын арттыру және педагогикалық мамандыққа кәсіби құзыреттілік пен құндылық қатынастарын қалыптастыру. Сайысқа жас мамандардан құралған 2 топ қатысты.
Ережеге сәйкес, таныстыру кезеңінде жас мамандар өздері туралы және қызмет атқаратын ұжымын қызықты етіп таныстырса, Кәсіби шеберлік кезеңінде теорияны практикамен ұштастыра сабақ беру арқылы панорамалық сабақтарымен бөлісті. Жағдаяттан шығу кезеңінде жас маманның ойлау қабілетін анықтау бағытындағы сұрақтарға топпен толық жауап бере білді. Қатысушылардың шығармашылық қабілетін, бейімділігін ашқан «Өнерлінің өрісі кең» кезеңінде жас мамандар өз өнерлерін көрсетті. Қазылар алқасының шешімімен жас мамандар «Үздік жас маман», «Үздік кәсіби шебер», «Жаңашыл жас маман» номинациялары бойынша марапатталды.

Маңғыстау обласы, Ақтау қаласы,
3Б микрорайон, 17 4 қабат
8 (7292) 50 22 00
post.mek@mail.ru
© 2026| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz