«Үздіктер шеруі – 2025» облыстық шарасы өтті


Аудандық және қалалық оқу-әдістемелік орталықтар мен білім беру ұйымдарының 2025 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы бойынша рейтингілік деңгейін айқындау мақсатында «Үздіктер шеруі – 2025» облыстық шарасы ұйымдастырылды.

Аталған шара педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыруға, білім беру саласына заманауи әдістемелерді енгізуге, сондай-ақ алдағы кезеңдерге арналған тың идеялар мен бастамаларды қалыптастыруға бағытталды.

Салтанатты жиынға Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Амантай Кумбаев, аудандық және қалалық оқу-әдістемелік орталықтар мен білім беру ұйымдарынан 100-ге жуық педагог қатысты.

Шара барысында 2025 жылы өткен «Республикалық Үздік педагог – 2025» байқауының жеңімпазы, әріптесіміз Кенжалиева Асел Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы А. Кумбаевтың Құрмет грамотасымен марапатталды.

Бұл марапат – кәсіби шеберлік пен табанды еңбектің, үздіксіз ізденістің айқын дәлелі. Асел әріптесімізді лайықты жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! 

Галерея


© 2026| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz