Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика жане арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен “Тәртіпті өзіңнен баста” тақырыбында білім алушылармен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты жасөспірімдер арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу жене болдырмау, сонымен қатар құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары қызметінің, негізгі бағыттарын, Комитетпен жүзеге асырылатын жұмыстардың заманауи ерекшеліктерін, Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі “Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалык өсім, қоғамдык, оптимизм” атты Қазақстан халқына жолдауын қоғамдағы заң мен тәртіптің идеологиясын жан-жақты талқылау, қызметке қабылдау мен орналасу тәртібін түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Шараны ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика жене арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері
- департаменттің ұйымдастыру
- кадр жұмысы жөніндегі аға прокуроры Г.Н. Шаудирова
- департаменттің азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокуроры Д.С. Бурибаев
Маңғыстау обласы, Ақтау қаласы,
3Б микрорайон, 17 4 қабат
8 (7292) 50 22 00
post.mek@mail.ru
© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz