“Таза бейсенбі” акциясы: Жұмысшы жастар жас көшеттер отырғызды

Жұмысшы мамандығы жылы аясында колледждің жұмысшы мамандығында оқитын білім алушылары  оқу ордасының ауласын абаттандыруға белсене атсалысты. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған бұл шарада студенттер табиғатты аялаудың, қоршаған ортаны көгалдандырудың маңыздылығын іс жүзінде көрсетті.

“Таза бейсенбі” акциясы аясында 150 студент пен колледж басшысы Жумағали Айнагүл Көшкінбайқызы бастаған колледж қызметкерлері бірігіп, оқу орны аумағын тазалап, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Шараға “AMANAT” партиясы “Жастар Рухы” ЖҚ Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты- Марат Абзал Ғабитұлы да қатысты. “Таза бейсенбі” акциясы аясында колледж ауласына жаңа 20 жеміс көшеті отырғызылып, раушан гүлінен  80 түп егілді.

Осындай игі істер қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті арттырып қана қоймай, бірлігімізді нығайта түсетіні анық!

#ТазаБейсенбі #ЭкологиялықМәдениет #Абаттандыру #ЖасылБолашақ #БізБіргеміз

 

Галерея


© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz