“Таза Маңғыстау” экочеленджінің 43-күні

Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінде

“Таза Маңғыстау” экочеленджінің 43-күні аясында топ білім алушыларымен тәрбие сағаты өткізілді.

Іс-шара барысында студенттерге экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіндіру, табиғатты аялаудың ортақ міндет екені жөнінде танымдық ақпараттар берілді.

Білім алушылар бейнематериалдар көріп, экологиялық акциялардың маңызын талқылап, табиғатты қорғау бағытында өз ұсыныстарын ортаға салды.

Мақсат – жас буынның экосана деңгейін көтеру, туған өлкенің тазалығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. 

Галерея


© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz