8 Наурыз – көктемнің шуақты мерекесі!

Осы мерекеге орай колледж студенттері аяулы ұстаздарына ерекше тосынсый жасап, таңғажайып көңіл күй сыйлады. Таңертең ұстаздарды қызыл кілеммен қарсы алып, жылы лебіздері мен шынайы алғыстарын білдірді.Ұстаздарға деген құрмет пен махаббатқа толы бұл сәт баршаға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Осындай жарқын сәттер білім ордамыздағы сыйластық пен бірліктің айқын көрінісі болды.Құрметті ұстаздар, сіздерді 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз!

 

Галерея


© 2026| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz