BABYSKILLS FESTIVAL – БОЛАШАҚ МАМАНДАРҒА БАҒЫТ!

Бүгін Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінде WORLDSKILLS стандарттарына сай «BABYSKILLS» жобасы аясында ерекше форматтағы семинар өтті! ????

Мақсат – мектепке дейінгі білім беру саласына ерте жастан кәсіптік бағдар беру және заманауи әдістермен таныстыру.

Семинарға қатысқан бөбекжайлар мен балабақшалар:

???? №11 «Кәусар» бөбекжайы

???? №56 «Жұлдыз» бөбекжайы

???? №58 «Балауса» бөбекжайы

???? «Айкөркем» жекеменшік балабақшасы 

???? «Junior kids» ЖК бөбекжайы

???? Әр мекеме ұжымдары (әдіскерлер мен тәрбиешілер) балалармен жұмыс істеудің шығармашыл әрі кәсіби тәсілдерін ортаға салып, тәжірибе алмасты.

???? Жоба құжаттамасының негіздемесін  Сдыкова Гүлшат (арнайы пәндер оқытушысы) дайындаса,

???? CIS бойынша түсіндірме жұмысын Әділбай Жақсылық жүргізді.

Мұндай жобалар – ерте кәсіптік бағдар берудің және инновациялық білім беру үрдісінің нақты үлгісі.

???? Барша қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз!

Балалар болашағы – бүгіннен басталады! 

Галерея


© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz