BabySkills чемпионатының іріктеу кезеңі өтті!

Бүгін Жұмысшы мамандықтар жылы аясында

Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінде

балаларға арналған BabySkills чемпионатының

«Машина жабдықтары» және «Сантехника және жылыту»

құзыреттіліктері бойынша іріктеу кезеңі өткізілді.

Құзыреттілік жетекшілері:

Такабаева Замира

Кенжалиева Әсел

Бошманова Бағлан

Іс-шара №11 «Каусар» балабақшасында @kausar_yaslisad11 ұйымдастырылып,

балалардың техника мен еңбекке деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.

Чемпионаттың мақсаты —

балалардың еңбексүйгіштігін дамыту,

техникалық ойлау қабілетін жетілдіру және

жұмысшы мамандықтарының маңызын ерте жастан ұғындыру.

Кішкентай қатысушылар өздерінің қиялын, ептілігін және ұқыптылығын көрсетіп,

болашақ шеберлердің алғашқы қадамдарын жасады!

Қатысушылар өз қиялын, ептілігін және ұқыптылығын көрсетіп, болашақ шеберлердің алғашқы қадамдарын жасады! 

Галерея


© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz