Digital Bridge 2025 — екінші күн! (03.10.2025)

Бүгін Астанада өтіп жатқан ең ірі халықаралық технологиялық форум — Digital Bridge 2025 өз жалғасын тапты!

Бұл форум — Қазақстан мен әлемнің жетекші IT-мамандары, стартап иелері, инвесторлар мен жастар бас қосатын ерекше алаң. Мұнда инновациялар, жасанды интеллект, цифрлық даму және келешек технологиялар талқыланады.

Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі атынан форумға Орынбасар Данияр, Мектепова Жұлдызай және Әділбай Жақсылық қатысып жатыр. Олар еліміздің цифрлық болашағына үлес қосып, жаңа білім мен тәжірибе жинақтап, өз идеяларын дамыту мүмкіндігіне ие болды.

Форумның екінші күнінде қатысушылар Telegram негізін қалаушы Павел Дуров пен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Багдат Мусиннің әсерлі сөздерін тыңдады. Сонымен қатар, біз Kaspi.kz компаниясының бас директоры Михаил Ломтадзе, Freedom Holding Corp. басшысы Тимур Турлов, және inDriver негізін қалаушы әрі CEO Арсен Томскиймен кездестік.

Бұл тәжірибе — тек жаңа білім емес, сонымен қатар үлкен мотивация мен шабыт көзі!

Digital Bridge 2025 форумында алған әсерлеріміз — болашақ табыстарымыздың бастауы болмақ.  

Галерея


© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz