WorldSkills-2025: Колледжіміздің студенттері 3 күндік чемпионатқа қатысты


Астана қаласында WorldSkills-2025 кәсіби шеберлік чемпионаты 3 күн бойы жоғары деңгейде өтті. Бұл додаға колледжімізден 3 құзыреттілік бойынша 4 студент қатысып, өздерінің білім-білігі мен кәсіби шеберліктерін сынға салды.

Чемпионат барысында колледж басшысы, орынбасарлар, оқытушылар және студенттер арнайы барып, қатысушыларымызға жан-жақты қолдау көрсетіп, сайыстың өту барысына тікелей қатысты. Бұл – біздің команда бірлігінің, жастардың дамуына деген ортақ жауапкершіліктің айқын көрінісі.

Енді 9 желтоқсан күні республика бойынша үздік нәтижелер анықталып, чемпиондардың есімі жарияланып, жабылу салтанаты өтеді.

Студенттерімізге сәттілік тілейміз! Өткен еңбектері мен тәжірибелері жемісті болсын! 

Галерея


© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz