WorldSkills Kazakhstan – 2025: Жас шеберлер сайысы ресми түрде басталды!


Бүгін, 3 желтоқсан 2025 жылы, Астана қаласында X — мерейтойлық WorldSkills Kazakhstan республикалық чемпионатының салтанатты ашылуы өтті.

Биылғы чемпионат — ауқымы мен маңыздылығы жағынан бұрынғы жылдардан ерекше.

825 қатысушы

719 сарапшы

45 құзырет — құрылыс, инженерия, IT, сервис, дизайн, креатив индустрия және тағы басқа бағыттар қамтылған.

Бұл — жай ғана сайыс емес, бұл — жастардың кәсіби әлеуетін ашатын, болашақ мамандардың жаңа буынын тәрбиелейтін алаң.

Чемпионаттың басты мақсаты:

– еңбекке құрметті арттыру,

– кәсіби білімнің беделін көтеру,

– жас мамандардың дағдыларын халықаралық стандарттарға сай дамыту.

Еліміздің жас шеберлеріне қолдау білдірейік! Олар — ертеңгі Қазақстанның тірегі! 

Галерея


© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz