Амал мерекесіне орай “Қой көтеру” жарысы өтті!

Көктемнің жаршысы – Амал мерекесіне орай дәстүрлі “Қой көтеру” сайысы ұйымдастырылып, нағыз күш пен төзімділіктің жарысына айналды.

Жарыстың жеңімпазы 1-курс студенті Курбаниязов Хамроз атанып, өз шеберлігі мен қайсарлығын көрсетті. Жеңімпазға бас жүлде – сол көтерген қойы табыс етілді!

Құттықтаймыз! Ұлттық дәстүріміз жаңғырып, рухымыз асқақтай берсін! 

Галерея


© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz