Астана қаласында өткен үш күндік тереңдетілген қарқынды тренинг

2025 жылдың 29.09 – 01.10 күні аралығында Астана қаласында өткен үш күндік тереңдетілген қарқынды тренинг Еуропалық білім беру қоры мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі бірлесіп ұйымдастырылған шараға Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің педагогі Б.И.Бошманова қатысты. Бұл-тренинг DARYA SCAFFOLD жобасының екінші кезеңіне жатады. Оқу бағдарламасы SCAFFOLD әдістемесі бойынша жаттықтырушыларға арналған. Сонымен қатар, бұл тренинг SCAFFOLD әдістемесінің карталарын қолдану бойынша алғашқы білім мен машықты иеленген педагогтер үшін де қолжетімді болды.

Тренинг мақсаты — институционалдық деңгейде педагогтерді даярлауды әзірлеу, өткізу және оның сапасын бағалау үшін SCAFFOLD әдістемесінің практикалық қолданылуына ерекше назар аудару. Бағдарлама аясында қарастырылған негізгі тақырыптар:

• SCAFFOLD құрылымы және негізгі принциптері;

• Жастар саясатын жобалау мен мониторингтеу құралдары;

• Аймақтық және ұлттық деңгейдегі серіктестікті нығайту;

• Тиімді мүдделі тараптармен жұмыс істеу әдістері;

• Жобаларды бағалау мен әсерін талдау құралдары.

Тренинг тәжірибелік кейстер, топтық жұмыстар және пікірталас форматында өтті. Қатысушылар өз елдеріндегі тәжірибемен бөлісіп, бірлескен шешімдер мен ұсыныстар әзірледі. 

Галерея


© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz