Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінде Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті Тарих кафедрасының меңгерушісі, Саяси ғылымдарының докторы профессор, Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, Ұлт қайраткері, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері Киікбай Мыңбайұлы Жаулиннің құрметіне арналған «АЗАМАТТЫҚ КЕЛБЕТ: ҒАЛЫМ. ҚАЙРАТКЕР. ТҰЛҒА» тақырыбында колледж оқытушылары мен білім алушыларға арналған дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Ғалым, қайраткер және тұлға ретіндегі азаматтың рөлін талқылау арқылы қатысушылардың ой-өрісін кеңейтіп, олардың кәсіби дамуына серпін беру, білім алушылар мен оқытушылардың азаматтық ұстанымын, ғылыми ізденісін және қоғамдық белсенділігін қалыптастыру мен дамытуға ықпал ету.
Дөңгелек үстел пікір алмасу форматында ұйымдастырылып, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «АМАNАТ» партиясының Маңғыстау облысы филиалы төрағасының орынбасары А.А.Шамшадинова, «АМАNАТ» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ МОФ төрағасы А.Ғ.Марат, Киікбай Мыңбайұлының жары Анар Нұрғожақызы қатысты.
Киікбай Мыңбайұлы Жаулиннің білім алушыларға өзінің балалық шағынан бастап студенттік кезеңдегі өмірін, заманының ең жас депутаты болғанын, содан соң ғылым жолындағы ізденістерін, отбасылық өмірін, жұмысшы кәсібінен бастау алған қызметтері туралы ақпарат берді. Өскелең ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеудің маңыздылығын, жалындаған жастық шақтарында білім алу, кітап оқу қажеттілігі туралы айтып, жақсы тілегі мен батасын берді.
Кездесу барысында білім алушылар ғалымға өмір жолындағы қызықты сәттерін, қоғамдық қызметке қалай келгендігі жөнінде сауалдарына жауаптар берілді.
Тұлғалық келбеті мен ғылыми еңбектері қайраткерлік қызметке негізделген Киікбай Мыңбайұлының өмір жолы қатысушылардың танымдық көкжиегін кеңейткен мағыналы шара мазмұнды өтті.
Маңғыстау обласы, Ақтау қаласы,
3Б микрорайон, 17 4 қабат
8 (7292) 50 22 00
post.mek@mail.ru
© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz