БОЛАШАҚ ЭНЕРГЕТИКТЕР «МӨЭК» АҚ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенттері «МӨЭК» @mrek.kz АҚ-на арнайы барып, өндірістік үдерістермен және заманауи энергетикалық инфрақұрылыммен танысып қайтты.

Экскурсия барысында студенттер:

корпоративтік оқыту орталығының жұмысымен танысып, еңбек қауіпсіздігі мен кәсіби даму бағытындағы ақпарат алды;

өңірлік диспетчерлік орталықта (РДЦ) энергия ағындарын басқару және желілерді мониторингілеу жүйесін көрді;

сынақ қызметінің химиялық зертханасында трансформатор майына жүргізілетін талдауларды бақылады.

Сонымен қатар Satbayev University студенті, «МӨЭК» АҚ-да дуалды оқытудан өтіп жүрген Дәулет Сейтбаев болашақ мамандарға тәжірибесімен бөлісіп, құнды кеңестер берді.

Бұл іс-сапар студенттеріміздің кәсіби ой-өрісін кеңейтіп, энергетика саласына деген қызығушылығын арттырды.

Колледж атынан «МӨЭК» АҚ-на көрсеткен қолдауы мен ашықтығы үшін алғыс білдіреміз! 

Галерея


© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz