Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің мақтанышы – Тілегенұлы Сержан,
ХТП-1/24 тобының студенті, бүгінде АҚ «ҚазАзот» мекемесінде дуалды оқыту жүйесі аясында білім алып, өндірісте өз біліктілігін шыңдауда.
Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, теория мен практиканы ұштастыра білген Сержан Химия өнеркәсібі күніне орай АҚ «ҚазАзот» мекемесінің атынан марапатқа ие болды. Бұл – студентіміздің еңбегіне берілген жоғары баға, табандылық пен кәсіби өсуге деген ұмтылыстың нақты дәлелі.
Біз Сержанмен мақтанамыз!
Бұл жетістік – дуалды оқыту жүйесінің тиімділігін, колледж бен өндіріс арасындағы тығыз серіктестіктің нәтижесін айқын көрсетеді.
Алдағы еңбек жолында сәттілік тілейміз! Жаңа белестер мен биік жетістіктер көп болсын!

Маңғыстау обласы, Ақтау қаласы,
3Б микрорайон, 17 4 қабат
8 (7292) 50 22 00
post.mek@mail.ru
© 2026| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz