Сапар барысында делегация Сямынь және Цзясин қалаларындағы бірқатар оқу орындары мен өндірістік кәсіпорындарды аралады. Сямынь қаласында өкілдер Xiamen Xingcai Vocational and Technical College колледжінде және SDIC Intelligence компаниясында болып, олардың заманауи материалдық-техникалық базасымен және студенттерді даярлау технологияларымен танысты.
Сапар Цзясин қаласында жалғасын тауып, делегация Jiaxing Nanyang Polytechnic Institute оқу орнында және Yaoboele Electrical кәсіпорнында болды. Кездесу барысында тәжірибе алмасу, болашақта студенттерге арналған тағылымдамалар ұйымдастыру және бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.
Жұмыс сапарының нәтижесінде ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары бойынша келісімдер жасалып, халықаралық әріптестік аясын кеңейтуге қатысты нақты қадамдар айқындалды.
Қонақжайлық танытып, жемісті диалог жүргізген әріптестерімізге алғыс білдіреміз. Жаңа мүмкіндіктерге бірге қадам басайық!

Маңғыстау обласы, Ақтау қаласы,
3Б микрорайон, 17 4 қабат
8 (7292) 50 22 00
post.mek@mail.ru
© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz