Халықаралық жеңіс – Қазақстан намысы!


Санкт-Петербург қаласында өткен «Профессионалы – 2025» халықаралық чемпионатында «Цифрлық шешімдер бизнеске» құзыреттілігі бойынша

Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенті Березин Олег 11 мықты қатысушының ішінен қоланы қанжығасына байлады!

Бұл – тек студенттің емес, еліміздің де абыройы мен беделін көтерген зор жетістік.

Олегті дайындаған жетекшісі Амангельдиева Асылханға алғыс білдіреміз!

Цифрлық дәуірдің сұранысына сай келетін білім мен біліктілік – біздің басты құндылығымыз!

Жеңісті күндеріміз көп болсын!  

Галерея


© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz