ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САХНАДА ҚАЗАҚСТАН БЕДЕЛІН КӨТЕРГЕН ТАРИХИ СӘТ!

Бүгін 2025 China Grand Final – BRICS National Vocational Skills Competition аясында ”Data Analysis and Visualization” құзыреттілігі бойынша әлемнің үздіктері бас қосқан халықаралық дода мәресіне жетті.

157 қатысушы арасынан Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенті, дарынды жас Габбас Сағыныш топ жарып, құрметті III орынды жеңіп алды!

Бұл — Қазақстан үшін ғана емес, Маңғыстау білім беру саласы үшін де үлкен абырой!

Жас дарынның жеңісі — ұстаз еңбегінің жемісі. Осы орайда, студентті сапалы дайындықтан өткізіп, үлкен жарысқа баулыған колледжіміздің тәжірибелі маманы Орынбасар Даниярға ерекше алғысымызды білдіреміз.

Технология, цифр, логика мен креатив тоғысқан бұл сында жеңіс — білімнің биігі мен қажырлы еңбектің көрінісі.

Сағыныштың жетістігі — Қазақстанның білім мен білік саласындағы әлеуетін, жас ұрпақтың жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті екенін айқын көрсетті! 

Галерея


© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz