Бүгін колледжімізде «Веб-дизайнер» мамандығының студенттеріне арналған
«Цифрлы әлем шебері» тақырыбында қызықты квест-ойын ұйымдастырылды.
Іс-шараны тәжірибелі шеберіміз Оңалбаева Арай өткізді.
Квест барысында студенттер командалық рух пен креативті ойлау қабілетін көрсетіп,
веб-дизайн саласындағы білімдерін тәжірибеде сынап көрді.
Іс-шараның мақсаты — заманауи цифрлық мамандықтардың маңызын арттыру,
жастарды жаңа технологияларды меңгеруге және кәсіби дамуға ынталандыру.
Барлық қатысушылар белсенділік танытып, өз қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.
Осындай шаралар — жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға және жаңа буын шеберлерін тәрбиелеуге үлкен үлес қосады!

Маңғыстау обласы, Ақтау қаласы,
3Б микрорайон, 17 4 қабат
8 (7292) 50 22 00
post.mek@mail.ru
© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz