Күн сәулесі – болашақ энергия көзі”

Бүгін Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында Энергия үнемдеу күніне орай ұйымдастырылған “Күн сәулесі – болашақ энергия көзі” атты танымдық шара өтті.

Іс-шара барысында қатысушыларға баламалы энергия көздерінің маңызы, энергияны тиімді пайдалану жолдары және экологиялық мәдениетті қалыптастыру туралы құнды мәліметтер ұсынылды.

Колледжіміздің студенттері аталған шараға белсенді қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті және энергия үнемдеу бойынша қызықты ұсыныстар айтты.  

Галерея


© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz