Қытаймен әріптестік: жаңа бағыттар мен мүмкіндіктер


Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің делегациясы Қытай Халық Республикасындағы іссапарын жалғастырып, бұл жолы Вэньчжоу және Гуанчжоу қалаларындағы беделді оқу орындары мен кәсіпорындарды аралады.

Вэньчжоу қаласында өкілдер Zhejiang Dongfang Polytechnic колледжінің заманауи зертханалық жабдықтарымен, материалдық-техникалық базасымен танысып, оқытудағы озық әдістер мен дуалды білім беру тәжірибесі жөнінде пікір алмасты.

Сапардың келесі кезеңі Гуанчжоу қаласында өтті. Мұнда делегация:

- Guangdong Communication Polytechnic

- Guangzhou Huashang Vocational College

- Guangdong Huaxia Vocational College оқу орындарымен танысып, колледждердің инфрақұрылымы мен білім беру экожүйесін зерделеді.

Сонымен қатар, Guangzhou YiYe Electromechanical Equipment Technology Co. Ltd компаниясында өндірістік тәжірибе ұйымдастыру және студенттердің практикалық құзыреттерін дамыту бойынша келіссөздер жүргізілді.

Барлық кездесулер аясында:

- Бірлескен жобалар,

- Академиялық ұтқырлық,

- Тағылымдамалар,

- Тәжірибе алмасу бағыттары бойынша нақты келісімдер жасалды.

Халықаралық әріптестікті кеңейту арқылы сапалы кадр дайындауға жаңа мүмкіндіктер ашылуда.

Болашаққа бірге қадам басайық — жаңашылдық пен даму жолында серіктестігіміз нығая берсін! 

Галерея


© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz