Шанхай қаласында өткен маңызды кездесулер аясында Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжіне «Қазақстан-Қытай болашақ экономикасы және адами капиталы кеңесінің» алғашқы мүшесі мәртебесі берілді.
Колледжге Certificate of Inaugural Membership сертификаты табысталды.
Бұл мүшелік аясында болашақ экономика, жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, болашақ дағдылар, технологиялық инновациялар, индустриялық ынтымақтастық, адами капиталды дамыту, тағылымдамалар және жұмыспен қамту бағыттарында ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту көзделеді.
Қазақстан мен Қытай арасындағы білім беру және кәсіби даярлау салаларындағы байланысты нығайту — колледжіміздің халықаралық ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеретін маңызды қадам.
Халықаралық серіктестік – жаңа мүмкіндіктерге жол!

Маңғыстау обласы, Ақтау қаласы,
3Б микрорайон, 17 4 қабат
8 (7292) 50 22 00
post.mek@mail.ru
© 2026| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz