Мейірімділік – шебер қолда!

Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің өндірістік оқыту шеберлері адамгершілік пен кәсіпті ұштастырып, Қарттар үйінде техникалық көмек көрсетті.

Колледж мамандары ғимараттың электр жүйелерін тексеріп, ақауларды жойып, автоматтарын қайта ретке келтірді.

Бұл – тек жөндеу жұмысы емес, бұл – жылулық пен қамқорлықтың белгісі.

Қарттар – біздің аманатымыз, ал қамқорлық – парызымыз.

Шеберлерімізге ізгі істері үшін алғысымыз шексіз!

Осындай жұмыстар – болашақ мамандар үшін үлгі, тәрбие мен тағылымның көрінісі. 

Галерея


© 2026| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz