Тағылымды танысу сәті.Бүгін Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі студенттері колледж ішіндегі музейде колледжімізге есімі берілген Нұрлыхан Бекбосыновтың өмір жолымен, еңбектерімен және ел дамуына қосқан үлесімен танысты. Сонымен қатар музей қорындағы құнды жәдігерлер арқылы колледждің қалыптасу тарихы мен жетістіктері туралы кең мағлұмат алды.
Мұндай тағылымды кездесулер жастардың рухани дамуына, тарихи санасының қалыптасуына және туған оқу орнына деген мақтаныш сезімінің артуына ықпал етеді. Өткенін құрметтеген ұрпақтың болашағы жарқын!

Маңғыстау обласы, Ақтау қаласы,
3Б микрорайон, 17 4 қабат
8 (7292) 50 22 00
post.mek@mail.ru
© 2026| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz