Педагогтің кәсіби шеберлігі: теория мен практиканың үйлесімі

19.12.2025 Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің оқу-әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес “Педагогтің кәсіби шеберлігі: теория мен практиканың үйлесімі” тақырыбында семинар өтті. Максаты мен мазмұнын әдіскер Г. Шадибаева таныстырды. Семинар барысында бөлім меңгерушісі П. Р. Калмуратова “Дуалды және қашықтан оқыту жүйесі бойынша оқытушы құжаттарының рәсімделуі” баяндамасымен сөз сөйледі. Арнайы пәндер оқытушысы А. У. Бекжанова “BOPPPS моделі бойынша сабақты әзірлеу процесі”

шеберлік сыныбын өткізді. Семинарға қатысушылар талқылауға және тәжірибе алмасуға белсенді қатысты. 

Галерея


© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz