2026 жылдың 19–20 ақпан күндері Семей қаласында Қазақстан Республикасы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында Шәкәрім университеті ұйымдастыруымен «Техникалық механика негіздері» пәні бойынша І Республикалық олимпиада өтті.
Аталған білім бәйгесіне Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі студенттерінен құралған команда қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Команда құрамы: «Машиналар мен жабдықтарды пайдалану (өнеркәсіп салалары бойынша)» мамандығының МЖП-1/23 тобының білім алушылары:
Өтепберген Саттар
Таласбай Елдос
Жолдыбай Айболат
Команда жетекшісі:арнайы пән оқытушысы – Селбаева А.Д.
Олимпиадаға дарынды студенттердің қатысуына қолдау көрсеткені үшін колледж басшысы
А.К. Жумағали Шәкәрім университеті КеАҚ басқарма төрағасының арнайы Алғыс хатымен марапатталды.
Білім алушылар мен жетекшісін жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жеңістеріңіз көп болсын!

Маңғыстау обласы, Ақтау қаласы,
3Б микрорайон, 17 4 қабат
8 (7292) 50 22 00
post.mek@mail.ru
© 2026| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz