Сала серпіні – студентпен!

Бүгін Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінде ерекше кездесу өтті!

”Kaz Stroy Industry” ЖШС директоры Естемесов Фазыл Рафикович студенттерге «Ақылды домофон» жүйесін таныстырып, цифрлық қауіпсіздік пен заманауи технологияның мүмкіндіктері туралы әсерлі ақпарат берді.

«Ақылды домофон» – бұл жай құрылғы емес, интеллектуалды басқару жүйесі.

Жас мамандар үшін бұл – болашақтың кілті!

Сонымен қатар, компания өкілі колледж студенттерін өндірістік тәжірибеден өткізуге және болашақта жұмысқа қабылдауға дайын екенін жеткізді. Бұл – жастар үшін үлкен мүмкіндік, нақты қолдау!

Фазыл Рафиковичке тәжірибесімен бөлісіп, қолдау білдіргені үшін зор алғысымызды білдіреміз! 

Галерея


© 2026| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz