СЕРІКТЕСТІККЕ НЫҚ ҚАДАМ!


Каспийский трубный завод – енді колледж студенттері үшін жаңа мүмкіндік көзі!

Бүгін Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінде маңызды кездесу өтті.

Мекеме бас директорының орынбасары Маусымбаева Назыгүл, әріптестерімен бірге оқу орнына арнайы келіп, студенттермен ашық диалог ұйымдастырды.

Кездесу барысында:

Каспийский трубный завод мекемесінің өндірістік бағыты мен артықшылықтары таныстырылды;

Студенттерге өндірістік тәжірибеден өтуге мүмкіндік берілетіні айтылды;

Кәсіби даму мен болашақ жұмысқа орналасу бағытындағы нақты ұсыныстар жасалды.

Қонақтар колледждің шеберханаларын, заманауи оқу-материалдық базасын аралап, студенттердің практикалық дайындығына оң баға берді.

Мұндай кездесу – колледж бен өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, болашақ жұмысшы мамандардың кәсіби бағыт алуына үлкен серпін береді.

Мейірімді ықыласы мен нақты қолдауы үшін Каспийский трубный завод басшылығына алғысымызды білдіреміз! 

Галерея


© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz