ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


WorldSkills республикалық чемпионатында

“Ақпараттық қауіпсіздік” құзіреттілігі бойынша

1-орын иеленген студентіміз — Имаев Антонды зор қуанышпен құттықтаймыз!

Антон ақпараттық жүйелерді қорғау, кибершабуылдарға төтеп беру, деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жоғары кәсіби дағдыларын көрсетіп, үздік нәтиже көрсетті.

Бұл жеңіс – оның еңбегінің, талпынысының, білімге деген құштарлығының жемісі.

Колледжіміздің намысын абыроймен қорғап, биік белесті бағындырған Антон – біз үшін үлкен мақтаныш!

Антонға алдағы кәсіби жолында тек сәттілік, жарқын жеңістер мен жаңа мүмкіндіктер тілейміз!  

Галерея


© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz