Студенттік өзін-өзі басқару жұмысы күшейтіледі


Колледж басшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А. Сәтбергенова студенттік парламент мүшелерімен жиналыс өткізді.

Кездесу барысында жастар ісі комитетінің қызметіне жаңадан кіріскен Данияр Саламатұлы таныстырылды.

Жиналыс аясында алдағы жоспарлар талқыланып, тәрбие бағытындағы жұмыстарды жандандыру, студенттердің белсенділігін арттыру және жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.

Студенттік парламент мүшелері өз ұсыныстарын білдіріп, алдағы уақытта бірлескен жұмысты жүйелі түрде жүргізуге дайын екендіктерін жеткізді. 

Галерея


© 2026| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz