Студенттік парламент президентін сайлау өтті!

Бұл сайлау студенттердің көшбасшылық қабілеттерін дамыту, өз пікірін еркін білдіру және колледж өміріне белсене қатысу мақсатында ұйымдастырылды.

Биылғы сайлаудың басты жаңалығы — дауыс беру QR-код арқылы жүргізілді!

Әр студент жеке QR-код арқылы өз даусын беріп, әділ және заманауи форматта сайлауға қатысу мүмкіндігін алды.

Қос үміткер де жоғары дайындық пен жауапкершілік танытты, ал студенттер белсенділік пен бірліктің үлгісін көрсетті.

Сайлау нәтижесі бойынша ең көп дауыс жинаған —

Боқаев Нұрболат!

Ол біздің колледждің жаңа Президенті болып сайланды!

Боқаев Нұрболатты шын жүректен құттықтаймыз!

Жаңа бастамалар мен тың идеялар арқылы колледжіміздің дамуына өз үлесін қосатынына сенімдіміз!

Бірге болашаққа нық қадам басайық! 

Галерея


© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz