Бүгін Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінде оқытушылар мен қызметкерлерге арналған ақпараттық қауіпсіздік бойынша арнайы түсіндіру жұмыстары өтті.
Жиын барысында колледж басшысының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Оспанов Тұрлан Орынтұрлыұлы киберқауіпсіздіктің өзекті мәселелеріне тоқталды.
Семинарда талқыланған негізгі тақырыптар: Құжаттармен жұмыс: Қызметтік құжаттарды онлайн-конвертерлерге жүктемеу және әлеуметтік желіге салғанда абай болу; Дербес деректерді қорғау: ЖСН, жеке куәлік көшірмелерін үшінші тұлғаларға заңсыз таратпау; Цифрлық гигиена: Фишингтік шабуылдардан қорғану және күрделі құпия сөздерді қолдану.
Ақпараттық қауіпсіздік – тек IT мамандарының ғана емес, әрбір қызметкердің жауапкершілігі. Қауіпсіз интернет ортасын бірге қалыптастырайық!

Маңғыстау обласы, Ақтау қаласы,
3Б микрорайон, 17 4 қабат
8 (7292) 50 22 00
post.mek@mail.ru
© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz