2025 жылдың 11 қыркүйек күні Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің педагогтері Г.С.Шаңбас, Д.К.Муимова, Г.Г.Кдырова, Б.И.Нурбосынов Қ.Сыдиқов атындағы Маңғыстау әмбебап кітапханасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Түркі жазба ескерткіші: өркениет пен мәдениет айнасы» тақырыбында ұйымдастырылған семинар-тренингке қатысты.
Семинарда Ш.Есенов атындағы университетінің филология мамандары Отарова Ақмарал Нұрғожақызы мен Қобланов Жоламан Таубайұлы Ғұбайдолла Айдаровтың түркі жазбаларын зерттеуші ретінде бірнеше еңбектерімен, Махмуд Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» шығармаларындағы түркі мәдениеті мен жазбалары туралы мағлұмат берді.
Семинар тақырыбы көпшіліктің көңілінен шықты. Семинар-тренинг соңында тыңдаушы педогогтерге сертификаттар берілді.

Маңғыстау обласы, Ақтау қаласы,
3Б микрорайон, 17 4 қабат
8 (7292) 50 22 00
post.mek@mail.ru
© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz