Колледждің оқу-әдістемелік жұмысы

Мақсаты: Оқу үрдісіне оқытудың жаңа технологиялық элементтерін енгізе отырып, педагогтарға әдістемелік тұрғыдан бағыт беру, кәсіби құзіреттіліктерді қалыптастыру және нәтижеге қол жеткізу.

Міндеттері:

  • білім беру бағдарламаларын іске асыруды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;
  • білім беру үдерісіндегі заманауи технологияларды, әдістерді, құралдар мен нысандарды әзірлеу, енгізу және қолданыстағыларын жетілдір;
  • педагогтердің біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру, педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік мүмкіндігін жетілдіру.
  • Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылық жасау.

Мазмұны:

1) білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жаңарту бойынша ұсыныстар енгізу;

2) колледждің оқу-тәрбие процесін жетілдіру бойынша конференциялар, семинарлар ұйымдастыру және өткізу;

3) бейін бойынша оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді, оқу-әдістемелік құралдарды және ұсынымдарды оның ішінде электрондық оқулықтарды әзірлеуді ұйымдастыру;

4) оқытудың заманауи технологияларын енгізу, білімді бақылау және оқу процесін ақпараттандыру бойынша ұсыныстар мен әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;

5) оқу-әдістемелік жұмыстың қызметін ұйымдастыру тәжірибесін зерделеу және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;

6) инновациялық білім беру технологияларын енгізу бойынша озық тәжірибені жинақтау, жалпылау және тарату;

7) республикада, жақын және алыс шетелдерде мамандықтар бойынша білім беру ұйымдары педагогтерінің халықаралық, республикалық конференцияларға қатысуы және тағылымдамадан өтуі үшін ұсыныстар беру;

8) мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік әдебиеттермен,  оқыту құралдарымен, оқу-зертханалық жабдықтармен, техникалық заманауи оқыту құралдарымен қамтамасыз етілуі туралы талдамалық материалдар дайындау;

10) педагогтердің біліктілігін арттыру курстарына қатысуын қамтамасыз ету;

11) білім беру бағдарламаларына, оқу-әдістемелік құралдарға, оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендерге және электрондық оқулықтарға сараптама ұйымдастыру және жүргізу;

12) колледжге қажетті ұсынылған оқу әдебиеттерінің, оқу құралдарының тізбесін қалыптастыру бойынша ұсынымдар енгізу;

13) Workldskills (Ворлдскилс) стандарттарының талаптары бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту;

14) мамандықтар бойынша мамандар даярлауды жүргізетін колледждермен бірлесе өзара іс-қимылды және  үйлестіруді жүзеге асыру;

15) білім беру сапасын сыртқы бақылау жүйесін жетілдіру;

16) жұмыс берушілермен бірлесе білім беру бағдарламаларын әзірлеу, жетілдіру жұмыстарын іске асыру.

Колледждің әдістемелік кабинеті –  педагогтердің барлық ғылыми-педагогикалық ақпараттың, әдістемелік құралдардың және озық тәжірибелердің орталығы саналады. Кабинетте  оқытушылардың оқу жұмыс бағдарламалары бар, әдістемелік нұсқаулары мен жеке портфолиосы жинақталу үрдісінде. Жаңа технологияларды пайдалану арқылы өткізілген оқу сабақтардың бағдарламалары мен  жоспарлары жинақталған құжаттар жүйесі бар. 


© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz