Руханият пен парасаттылықтың тоғысқан тұсы – Ұлы Абайдың төрінде!

Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің 1-курс студенттері «Абай сөзі – әділдік темірқазығы» атты республикалық зияткерлік ойынға қатысып, білім мен парасат додасында өз қабілеттерін сынап қайтты.

Еліміздің 8 облысынан жиналған үздік студенттермен иық тірестіре отырып, біздің студенттер әділдік, адалдық пен парасаттылық тақырыптарында Абай мен Шәкәрім мұраларына негізделген тапсырмаларды сәтті орындап, өздерінің жан-жақты білімдерін дәлелдеді.

Зияткерлік ойынмен қатар, жастар Ұлы Абай мен Шәкәрімнің туған жеріне – қасиетті Жидебай мен Шыңғыстау өңіріне арнайы барып, қос алыптың рухына тағзым етті. Абай-Шәкәрім мемориалдық кешенінде болып, олардың өмірі мен шығармашылығына терең үңілді.

Сапар барысында ерекше әсер алған жастар өз пікірлерімен де бөлісті:

 «Бұл тек білім жарысы емес, рухани ояну болды. Абайды оқыған сайын ішкі дүнием арта түскендей» – дейді студент Реймбаева Дильназ.

 Бұл сапар студенттерімізге рухани азық қана емес, әділдік пен парасаттылыққа негізделген өмірлік ұстаным қалыптастыруға себеп болды.

#АбайСөзі #ӘділдікТемірқазығы #МаңғыстауЭнергетикалықКолледжі #РуханиЖаңғыру #АдалҰрпақ #АбайТопырағы #ЗияткерлікОйын #АбайШәкәрім #Семей2025 

Галерея


© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz