Жас мамандар мектебі

Жас мамандар мектебінің мақсаты: Жас мамандар мектебінің  жұмысын ұйымдастыра отырып, жан-жақты мәдениетті терең білімді және жеке тұлғаны тәрбиелеу барысында жас оқытушыларға (педагогикалық өтілі 3 жылға жетпеген)  жан-жақты көмек көрсету.

Міндеттері:

-        Жас оқытушы мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру;

-        Жас оқытушылардың шығармашылық қызметінің өзіндік өрнегін қалыптастыруға үйрету;

-        Жас оқытушылардың өз білімін тереңдетіп отыруын бақылау;

-       Педагогикалық шеберлікті арттыру және теориялық білімдерін жетілдіру сұрақтары бойынша жас маманға практикалық көмек беру;

-        Жас мамандарды ұжымдық ортаға бейімдеу;

-        Әдістемелік көмек көрсету және жеке шығармашылық қызметін қалыптастыру;

-        Өзара сабаққа қатысу арқылы сабақ беру әдісін жетілдіру.

-        Жас маманның кәсіби және психологиялық бейімделуі үшін жағдай жасау;

-        Жас маманның оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыру деңгейін арттыруға әдістемелік көмек көрсету;

-        Жас маманның шығармашылық қызметінің өзіндік өрнегін қалыптастыру үшін жағдай жасау;

-        Үздіксіз білім алуға қажеттілік пен ынталандыруды дамыту.

 Бағыттары

-         жұмыста пайдаланылатын нормативтік-құқықтық құжаттармен жұмыс; 

-         колледж құжаттамасымен жұмысқа көмек көрсету; 

-         оқу жұмыс бағдарламаларын, сабақ жоспарларын жасау және іске асыру бойынша кеңес беру;

-         сабақты ұйымдастыруға көмек көрсету; 

-         болжау жұмыстарын жасауға және талдауға көмек көрсету;

-         өзара сабаққа қатысу.

Күтілетін нәтиже: Өз білімін үздіксіз көтеру мақсатында жаңа технология үрдістерін меңгерген, мінез құлқын тәрбиенің барлық принциптеріне бағындырған, өзіне тапсырылған жұмысты абыройлы да және нәтижелі орындайтын, өзін-өзі басқара алатын, ізденгіш, шығармашыл педагог қалыптастыру. 


© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz