Сырттай және күндізгі оқу бөлімі

Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінде күндізгі және сырттай оқу түрі бойынша білім беру үрдісін ұйымдастыру ҚР «Білім туралы»  Заңына сәйкес жүзеге асырылады және жұмыс оқу жоспарларымен, оқу процесінің кестесімен, мамандықтар бойынша оқу сабақтарының кестесімен реттеледі.

Колледжде оқу үдерісі бес күндік жұмыс аптасы аясында, екі ауысымда, 1 қыркүйектен бастап ұйымдастырылады және 2024-2025 оқу жылына оқу процесінің кестесіне сәйкес аяқталады (күндізгі оқу).

Оқу процесінің кестесі теориялық оқытуды, практикаларды, емтихандарды, каникулдарды іске асыру мерзімдерін көрсете отырып, әрбір семестр бойынша оқу қызметінің барлық түрлерін көрсетеді. Оқу процесінің кестесі мен сабақ кестесінің орындалуын басшының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, оқу бөлімі бақылайды. Сабақ кестесі әр семестрге құрастырылады.

Білім алушының оқу жүктемесінің көлемі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келеді. Аудиториялық және аудиториядан тыс оқу жұмысының барлық түрлері аптасына 54 сағаттан аспайды. Жалпы бюджет уақыты теориялық оқыту есебінен айқындалады кемінде 36 сағаттық апталық жүктеме. Оқу жылында емтихандар мен сынақтар саны белгіленген нормадан аспайды.

Барлық мамандықтар бойынша жұмыс оқу жоспарлары жасалды, олар колледждің педагогикалық кеңесінде қаралады және бекітіледі. Жұмыс оқу жоспарларының мазмұны мен ресімделуі МЖМБС-ға сәйкес келеді және оған: оқу процесінің кестесі, оқу процесінің жоспары, уақыт бюджеті бойынша жиынтық деректер, практика туралы мәліметтер, қорытынды аттестаттауға шығарылатын пәндер (модульдер)  тізбесі кіреді.

Барлық пәндер бойынша колледж оқытушылары әзірлеген пәндердің (модульдердің) оқу жұмыс бағдарламалары бар. Пәндердің (модульдердің) жұмыс бағдарламалары жыл сайын жаңартылып, толықтырылады.

Сырттай бөлім келесі мамандықтар бойынша жалпы орта білім беру базасы негізінде білім беру қызметін жүргізеді:

07130100 - Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша)

07140100 - Технологиялық процестерді  автоматтандыру және басқару (бейін бойынша) 

07130300-Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары

07150100- Машина жасау технологиясы  (түрлері бойынша)  

07151100-Машиналар мен жабдықтарды пайдалану (өнеркәсіп салалары  бойынша)

07110100-Химиялық технология және өндіріс (түрлері бойынша)

Сырттай бөлімдегі оқу үрдісі типтік, жұмыс оқу жоспарларының, бағдарламаларының және оқу үрдісі кестесінің негізінде жүзеге асырылады.

Білім алушылардың білімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүйесі, оларды өткізу нысандары мен тәртібі

Колледждің оқу үрдісіндегі негізгі саясат колледж миссиясына, мақсат-міндеттеріне сай  ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүйесі «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығының (ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.07.2023ж. № 208 бұйрығы өзгерістер мен толықтырулар) үлгілік қағидаларына негізделеді.

Колледж білім алушыларының  білімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау нәтижесінің критерийлері мен бағалау әдістері ережеге сәйкес жүргізіледі.

Білім алушыларды аралық аттестаттаудан өткізу пәндерінің және (немесе) модульдерінің тізбесі мен нысанын оқу жұмыс жоспарларына сәйкес белгіленіп, оқу жылының басында оқу процесінің кестесіне енгізіледі.

Ағымдағы бақылау білімді игеру деңгейін үнемі анықтауға және оны арттыруға мүмкіндік береді. Ағымдағы бақылаудың негізгі нысандары ауызша сұрау, жазбаша тексеру, практикалық және зертханалық жұмыс, тестілік бақылау және т. б. болып табылады.

Оқу жоспарларында аралық аттестаттаудың әртүрлі нысандары қарастырылады: емтихан, сынақ, сынақ, курстық жұмыс (жұмыс), кешенді емтихан.

Емтихан билеттері, оқытылатын пәндер, модульдер бойынша тест тапсырмалары циклдік - комиссия отырыстарында қаралады, колледж басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасарымен бекітіледі. Билеттердің мазмұны мен құрылымы ҚР ОАМ ұсынымдарына сәйкес келеді және WorldSkills чемпионатының құзыреттіліктерінің талаптарына сәйкес  жасақталады. Аралық аттестаттау пәндер, пәнаралық курстар, кәсіби модульдер бойынша білім алушылардың дайындық деңгейін айқындайды. Колледждегі аралық аттестаттаудың негізгі нысандары: жеке пән бойынша емтихан, сынақ, сараланған сынақ, курстық жобаны (жұмысты) қорғау, кешенді емтихан болып табылады.

Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгі қағидалары мен талаптарын сақтау

Колледжде оқу үрдісінің кестесіне сәйкес семестр бойынша аралық аттестаттауды өткізу кестесі жасақталып, бекітіледі. Аралық аттестаттауға белгіленген пәндер бойынша емтихандық бағалары EDUS платформасындағы электрондық журналдағы ведомостерге қойылып, семестр қорытындысы және семестрде оқытылған барлық пәндер бойынша бағалар автоматты түрде жинақ ведомостына түседі.

Аралық аттестаттауды денсаулығына немесе  тағы да басқа дәлелді себептерге байланысты  уақытында тапсыра алмаған  білім алушы колледж басшысының атына дәлелді құжаттарды ұсынып қайта тапсыру туралы өтініш жазып, бұйрық негізінде жеке мерзімі белгіленеді.

Мамандықтар бойынша пән/модульдардан білім беру бағдарламаларына сәйкес барлық практикалық, зертханалық, есептеу-графикалық және курстық жобалар (жұмыс), сынақтар толық орындалады. Курстық жобалар (жұмыс) жалпы мамандық және кәсіптік пәндер бойынша оқу жұмысының бір түрі ретінде қарастырылып, оқу кезеңіне бөлінген  уақытта орындалады.

Білім алушыларды қорытынды аттестаттауға жіберу білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде ресімделеді, қорытынды аттестаттауға академиялық қарызы жоқ және білім беру бағдарламаларын толық көлемде меңгерген білім алушылар ғана жіберіледі.

Қорытынды аттестаттауды өткізу үшін білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен қорытынды аттестаттау комиссиясы құрылады, комиссиясының құрамы дауыс беру құқығынсыз хатшыны қоса алғанда кәсіпорындардың білікті мамандарынан, арнайы пәндер оқытушыларынан, өндірістік оқыту шеберлерінен және оқу орнын басқарудың алқалы органдары өкілдерінен тұрады, жұмыс берушілер өкілдері 60% - дан кем емес және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өкілдері 40% - дан артық емес арақатынасы сақталады.

Сонымен қатар, WorldSkills талаптарына сәйкес қорытынды аттестаттауды демонстрациялық емтихан нысанында мамандықтар бойынша ұйымдастырылады.

Демонстрациялық емтихан өткізудің  әдістемелік нұсқаулығына сәйкес, сарапшы ұйымдастырушылар,  бас сарапшы, сарапшы, ЕҚ және  ҚТ сарапшы, тәуелсіз сарапшылар қатысып, құзыреттіліктері бойынша бағалау өлшем шарттары негізінде бағаланады.

Worldskills стандарты бойынша білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыру мақсатында, жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру және шеберлік дағдыларын дамытуда білім алушылардың кәсіби конкурстарға қатысуын арттыру көзделіп, нәтижесінде бітірушілерге skills паспорты табысталады.

Демонстрациялық емтиханды тапсыру – түлектің жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді. Білім алушы бiтiру емтиханын тапсыра отырып, халықаралық стандарттарға сәйкес бiлiктiлiгін растайды. Бұл ретте колледж білім беру бағдарламалары мен өзінің материалдық-техникалық базасының сапасын әдiлдiкпен бағалай алады. Ал әлеуметтiк серiктестер түлектердiң кәсiптiк қызметiне көрнекi түрде көз жеткiзіп, бітіруші топ білім алушыларына жұмысқа орналасу бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру бойынша дайындық жұмыстары жүргiзiліп, құзыреттер бойынша бағалау құжаттамасының жиынтығы әзiрленеді.

Демонстрациялық емтиханға қатысушылар ЕҚ және  ҚТ ережелерімен танысып, қатысушылар берілген тапсырмалармен модульдер орындалды және CIS жүйесіндегі критерийлерге сәйкес жүзеге асырылады. 

 


© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz