Ынтымақтастық жалғасуда!

2025 жылдың 23-27 маусым аралығында Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Мұхамбетов Қ.Б. және өндірістік оқыту шебері Кенжалиева Ә.К. «Talap» КЕАҚ курсынан кейін 36 академиялық сағат көлемінде тағылымдамадан өтті. Тағылымдама Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясында өтті – бұл өңірде электр энергиясын беру және тарату қызметтері бойынша жетекші компания.Іс-шара колледж бен компания арасында жасалған өзара ынтымақтастық туралы Меморандум аясында жүзеге асты. Мұндай тағылымдамалар мамандардың тәжірибесін арттыруға және білім беру процесін өндірістік талаптарға сәйкестендіруге бағытталған. Болашақ энергетиктерді сапалы даярлау – ортақ мақсат! 

Галерея


© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz