2023-2024 оқу жылында WorldSkills талаптарына сәйкес қорытынды аттестаттауды демонстрациялық емтихан нысанында бес мамандық бойынша 07110100 – «Химиялық технология және өндіріс (түрлері бойынша)», 07130100 – «Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша)», 07130200 – «Электрмен қамтамасыз ету (салалары бойынша)», 07140100 – «Технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару (бейін бойынша)», 07150100 – «Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)» өткізіп, 25 білім алушы қамтылған.
Демонстрациялық емтихан өткізудің әдістемелік нұсқаулығына сәйкес, сарапшы ұйымдастырушылар, бас сарапшы, сарапшы, ЕҚ және ҚТ сарапшы, тәуелсіз сарапшылар қатысып, құзыреттіліктері бойынша бағалау өлшем шарттары негізінде бағаланған.
Демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру бойынша дайындық жұмыстары жүргiзiліп, құзыреттер бойынша бағалау құжаттамасының жиынтығы әзiрленген.
Демонстрациялық емтиханға қатысушылар ЕҚ және ҚТ ережелерімен танысып, қатысушылар берілген тапсырмалармен модульдер орындалды және CIS жүйесіндегі критерийлерге сәйкес жүзеге асырылған.
Емтихан тапсырушылардың бiлiм сапасын бағалауды «КазАзот» АҚ, «Каскор-МашЗавод» АҚ, «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» ЖШС, «Ақтау электр желілері басқармасы» МКК, «Маңғыстауэнерго» МКК, «Ақ Бекет» ЖШС, «Каспий» су тұщыту зауыты, «Контакт» ЖШС, «Ақтау тренингтік орталығы» ЖШС сияқты тәжiрибелi әлеуметтiк серiктестерi арасынан таңдалатын сарапшылар жүргiзген.
Worldskills стандарты бойынша білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыру мақсатында, жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру және шеберлік дағдыларын дамытуда білім алушылардың кәсіби конкурстарға қатысуын арттыру көзделіп, нәтижесінде бітірушілерге skills паспорты табысталған.
Демонстрациялық емтиханды тапсыру – түлектің жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді. Білім алушы бiтiру емтиханын тапсыра отырып, халықаралық стандарттарға сәйкес бiлiктiлiгін растайды. Бұл ретте колледж білім беру бағдарламалары мен өзінің материалдық-техникалық базасының сапасын әдiлдiкпен бағалай алады. Ал әлеуметтiк серiктестер түлектердiң кәсiптiк қызметiне көрнекi түрде көз жеткiзіп, бітіруші топ білім алушыларына жұмысқа орналасу бойынша өз ұсыныстарын білдірді.
Маңғыстау обласы, Ақтау қаласы,
3Б микрорайон, 17 4 қабат
8 (7292) 50 22 00
post.mek@mail.ru
© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz