WorldSkills 2024

MEK WORLDSKILLS ҚОЗҒАЛЫСЫ

  WorldSkills Aktau-2025: Кәсіби шеберлік сайысы басталды!

31 наурыз күні Ақтау қаласында WorldSkills Aktau-2025 X өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Бұл шараға колледж әкімшілігі, өндірістік оқыту шеберлері мен чемпионатта бақ сынайтын студенттер де  қатысты.

WorldSkills чемпионаты – жас мамандардың кәсіби біліктілігін шыңдап, өз қабілеттерін көрсетуге берілген үлкен мүмкіндік. 4 күнге созылатын бұл байқауда 245 студент 46 түрлі құзыреттілік бойынша сынға түседі. Біздің колледж қатысушылары 12 құзыреттілік бойынша бақ сынайды деп күтілуде.

Қатысушыларға  сәттілік тілейміз! Еңбектеріңіз жемісті болсын! 

Галерея


© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz