Клубтар

10.10.24ж. «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» тәрбие жұмысы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында “Жастар жемқорлықты жоя алады ма?” тақырыбында Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінде ЭЖ-1/23 тобы студенттері арасында дебат ойыны өтті.

Ұйымдастырушылар: Нұрбосынов Б. және Жұмағазы Б.

https://www.instagram.com/reel/DA-EwXXossL/?igsh=MXdwOTd6cHNleGFtZQ==   


27.09.2024ж. Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінде Қазақстан Республикасының Еңбек күніне орай «Менің нәтижем – менің жетістігім» тақырыбында «Электрмен қамтамасыз ету» және «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарының білім алушылары арасында дебат турнирі ұйымдастырылды.

Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы еңбектің маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру, еңбек адамының құқықтарын талқылау, білім беру жүйесінде кәсіби бағдарлау жұмыстарын жандандыру.

«Электрмен қамтамасыз ету» мамандығының білім алушылары қатысқан БП «Қазақстанда АЭС салу қажет пе?» дебат аясында төрешілердің сапалық құрамы: «АУЭС» МКК қызметкері, Қазақстан Республикасының үздік энергетигі Чуйшбаев К.Д., «МАЭК» ЖШС 5 разрядты турбина машинисті Орынбеков А.О., педагог-зерттеуші Бошманова Б.И., педагог-сарапшы Исалиева Ж.С., «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығының магистрі Жақсылықова С.Қ.

Төрешілер «Жақтаушы» мен «Даттаушы» болып қатысқан команданы I , II дәрежелі дипломдармен және үздік спикерлерге «Үздік оратор», «Үздік аналитик» номинациялары бойынша дипломдармен марапаттады.

Көрермен ретінде 7 педагог, 16 студент қатысты.



 


© 2025| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz